Өңірлер

Алматыда террорист-ойрандаушылармен күрес жүріп жатыр

Қазақстанның әскери және полиция қызметкерлері қаруланған қылмыскерлерге қарсы тұрып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыда қиян-кескі атыс болып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, наразылық білдірушілер қаруланған. Олар қолындағы тас пен таяқты автоматқа ауыстырған.
Қалада терроризмге қарсы арнайы операция жүріп жатыр.
Бұған дейін ІІМ азаматтарды көшеге шықпауға шақырған болатын.
Алматыда сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.
Айта кетері, бұған дейін Алматы әуежайы ойрандаушылардан босатылды. Кейінірек Алматы комендатурасы да мәлімдеме жасады. Қалада тәртіп орнату мақсатында терроризмге қарсы арнайы операция басталды.
Соған байланысты Алматы комендатурасы қала тұрғындарын сабырлық сақтауға және құқық қорғау органдарына конституциялық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті орнатуға көмектесуге шақырды.