Қаңтар оқиғасы

Алматыда президенттің бұрынғы резиденциясы, қала әкімдігі босатылды

Мемлекеттік органдардың барлық ғимараты бақылауға алынды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыда күш құрылымдары президенттің бұрынғы резиденциясын, қала әкімдігін, сондай-ақ Республика алаңын бұзақылардан босатты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Мемлекеттік органдардың барлық ғимараты бақылауға алынды.
Қалада антитеррористік операция жалғасып жатыр.
Бұған дейін ішкі істер органдары 2298 адамды ұстағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапқан, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.
Оқи отырыңыз: