АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы әкімдігі қалада жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың Тынышпаев атындағы ҚазККА студенттерінің жатақханасына шабуыл жасағанын хабарлады.
"ҚазККА жоғары оқу орны ректорының мәліметінше, тәртіпсіздікті жақтаушылар жатақхана жанынан өткен кезде терезелерді сындырып, студенттерді өздеріне ертпек болған. Білім алушылар арандатушылыққа бой алдырмады", - деп хабарлады ведомство.