Қоғам

Алматыда наразылық білдірушілер екі ауруханаға барар жолды жауып тастады

Жедел жәрдем көліктері науқастарды жеткізе алмай отыр, бірақ ауруханалардың өзі штатты режимде жұмысын жалғастыруда
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыда наразылық білдірушілер екі ауруханаға барар жолды жауып тастады.
"Қазір террористік топтар қаланың бірінші және жетінші ауруханаларына кірме жолды жауып тастады. Жедел жәрдем көліктері науқастарды жеткізе алмай отыр, бірақ ауруханалар штатты режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Sputnik Қазақстанға Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.