НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласындағы Республика алаңында жағдай тұрақты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласындағы Республика алаңында жағдай тұрақты. Алаң қылмыстық топтардан тазартылған.
Қалада антитеррористік операция жалғасып жатыр.
Бұған дейін ішкі істер органдары 2298 адамды ұстағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапқан, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.