Өңірлер

Павлодар облысының әкімі алаңға жиналғандардың алдына шықты

Полиция оларды орталық алаңға жібермеуге тырысты. Алайда жиналғандар облыс әкімдігінің ғимаратына қарай өтіп кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында ондаған, мүмкін жүздеген адам облыс әкімдігі орналасқан орталық алаңға жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның сөзінше, жиналғандардың көбі ауданнан келгендер.
Павлодардағы жағдай.
Полиция оларды орталық алаңға жібермеуге тырысты. Алайда жиналғандар облыс әкімдігінің ғимаратына қарай өтіп кетті.
Павлодар қаласыны мен Павлодар облысының әкімі наразылық білдіруші топтың алдына шықты. Олар үкімет жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдайтынын түсіндірді.
Павлодар облысы әкімдігінің алдындағы жағдай.
Жиналғандар Павлодар облысында да газ бағасын төмендетуді талап етіп, жалақының төмендігіне шағымданды.
Қалалықтар алаңға жиналған халықтың ортасынан емін-еркін өтіп жатты.

Оқи отырыңыз: