Оқиға

Нұр-Сұлтанда митинг кезінде алты адам зардап шекті

Алты адам дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, зардап шеккендерде ауыр жарақат жоқ, деп хабарлады денсаулық басқармасы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы митингтер кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат таратты.
Басқарманың баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызының айтуынша, бір тәуліктің ішінде шерулер өткен жерге тоғыз рет жедел жәрдем бригадасын шақырған.
"Үш жағдайда зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Ал алты адам қосымша ем алу және тексерістен өту үшін қалалық стационарларға жеткізілді. Сол алты адам барлық тексерістен өткеннен кейін үйіне жіберілді, яғни, зардап шеккендерде ауыр жарақат жоқ. Ешкім ауруханаға жатқызылмады", - деді Ардаққызы.
Қалада емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Медициналық ұйымдар штаттық режимде науқастарды қабылдауда. Порталда тіркеу де жүріп жатыр. ", - деп атап көрсетті баспасөз хатшы.