Қоғам

Алматыда митингке шыққандар әкімдікке басып кірді

Бұған дейін әкімдік ғимаратының алдына үш мыңға жуық ер адам жиналғаны хабарланған еді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда наразылыққа шыққандар әкімдікке басып кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқиға орнынан.
Ғимарат ішінде полиция болған, жарық-шу гранаттарын қолданған.
Наразылық білдірушілердің қолында да жарық-шу гранаттары, таяқ пен қалқан болған.
Жұрттың бір бөлігі бұл кезде президенттің ескі резиденциясына басып кіруге тырысып жатыр.