Алматыда болған оқиғалардың куәгері Александр Мирогловтың айтуынша, алаңда қазір жағдай тынышталды.
Алайда Қазақстанның ең ірі қаласында қоғамдық көлік жүрмейді, қала тұрғындарынан қашықтан жұмыс істеуді сұрады. Ал таңертең автобус аялдамасына барған азаматтар сол күйі жұмысқа қоғамдық көлікпен жете алмады. Қаладағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен дүкендер жабық тұр.
Республика алаңын бронды көлік мінген әскерилер қоршаған, сондай-ақ полиция сол маңды қатаң күзетіп отыр. Алаң бойынша қозғалыс тоқтаған. Бронды техника жанында екі жүзге жуық әскери қызметші кезекшілік етіп тұр.
Алматы тұрғындары мобильді интернеттің жоқ екеніне шағымданып жатыр, бұл такси қызметінің жұмысында да қиындық тудырды. Себебі такси шақыру, қызмет құнын төлеу де мүмкін емес. Таң атқан соң жұмысқа алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметкерлер шықты, олар түндегі тәртіпсіздік салдарын жоюға кірісті.