Бірінші ақпаннан бастап ел тұрғындары "Спутник V" вакцинасын салдырды. Алғашқы кезеңде жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем қызметкерлеріне вакцина салынды.
Ақпанның соңында Қарағанды фармацевтикалық зауытында коронавирусқа қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинаның қазақстандық нұсқасын шығару бойынша жұмысты бастады.
Медицина қызметкерлерінен кейін коронавирусқа қарсы вакцина педагогтерге салына бастады. 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының оқытушылары вакцина салдырды. Халықты жаппай вакциналау қарқынын күшейту үшін вакцинаны тек медицина мекемелерінде ғана емес, сауда ойын-сауық орталықтарында, мешіт, базарларда салуға рұқсат берілді.
Жағдайды бақылау келе күзде оқушылар мен студенттер оқу орындарына оралды. Коронавирус пандемиясы кезінде ел экономикасы да назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы халыққа жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму мәселесін көтерді. Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз, деді Тоқаев жолдауында.
Бір жыл бойы Қазақстанның коронавируспен қалай күрескенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.