НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де жазды.
"Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", - деді президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді.
"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс", - деді президент.