Өңірлер

Ақтаудың Ынтымақ алаңында дәл қазір не болып жатыр – видео

Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан қала орталығында не болып жатқанын айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты Ынтымақ алаңында 500-ге жуық наразылық білдіруші жиналды. Олардың барлығы дерлік — ер адамдар. Наразылық білдірушілер қатары көбейіп жатыр, видеода олар Қаламқас кен орнынан келген вахташыларды қарсы алып жатыр.
Таңертең Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты бес жүзге жуық адам жиналды.Алаңда жүздеген адамға арналған киіз үй мен шағын шатырлар орнатылған. Киіз үй ішіндегі дастарханда нан, бауырсақ, самса, су мен шай бар.
Жиналғандардардың дені ер адамдар.
Наразылық білдірушілердің үш талабы бар:
Наразылық білдірушілер саны көбейіп жатыр.
Түні бойы наразылық білдірушілер алаңда болды.
Айта кетері, қала орталығында мобильді интернет жоқ – таксиге қоңырау шалу мүмкін емес, хабарлама жіберуде де қиынлық бар. Сол маңдағы дәмханада карта немесе аударым арқылы төлем жасау мүмкін емес, тек қолма-қол ақша қабылдайды.
Қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендер әлі ашылмады, олар кешеден бері жұмыс істемей тұр.
Наразылық білдірушілердің талабының бірі – Ақтау орталығында интернет жұмысын қалпына келтіру.
Ақтау мен Нұр-Сұлтан арасындағы уақыт айырмашылығы +1 сағат.

Оқи отырыңыз: