Қоғам

Үкімет газ мәселесі жөніндегі комиссия құрамын жариялады

Үш жоғары лауазымды шенеунік 4 қаңтарда Нұр-Сұлтаннан Ақтауға ұшады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар - Sputnik. Үкімет Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссияны кім басқаратынын жариялады. Бұл міндет коронавирустың таралуына қарсы күресті басқаратын вице-премьер Ералы Тоғжановқа жүктелді.
4 қаңтар таңертең Ералы Тоғжанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ақтауға барады.
Үкімет комиссиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен құрылған болатын.
Үкімет "сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар пакетін жүзеге асыруға" уәде берді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай құю стансалары иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының жанар-жағармай құю стансалары иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады үкімет.
Кейін энергетика министрі ТМД-дағы газдың нарықтық бағасы литріне 127 теңгені құрауға тиіс екенін мәлімдеді.