Әсіресе балалар арасында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан жарақат алатындар көп.
Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларына арналған видео нұсқаулық әзірледі. Бұл қауіпсіздік ережелерін балалар ғана емес, әр ата-ана мен ересек те сақтауы қажет.
Қыста аулада не істеуге болмайды? Таудан дұрыс сырғанаудың ережесі қандай? Отшашу кезінде нені ескеру керек? Осы және қыс кезіндегі өзге де сақтық шаралары туралы видеодан көріңіз.