Оқиға

Қарағандыда клубта атыс шықты: зардап шеккендер бар

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқандар анықталып, қару тәркіленді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. 3 қаңтарға қараған түні Қарағандыда караоке-клубта күзетші мен келушілер арасында жанжал шығып, 23 жастағы ер адам жарақат алды.
Караоке-клубындағы атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, клубқа келушілердің бірі мен күзетші арасында жанжал туындаған. Оның соңы атысқа ұласты. Оқиға 3 қаңтарда, түнгі екі шамасында болған. Жанжал кезінде 23 жастағы ер адам жарақат алды.
"Janym Soul клубында келушілер мен күзетші арасында жанжал шықты. 23 жастағы ер адам жамбасына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқандар анықталып, қару тәркіленді.

Оқи отырыңыз: