Оқиға

Ақтөбе облысында жеңіл көлік Камазға соғылды: жүргізуші көз жұмды

Жол апаты салдарынан тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың қатарында екі бала бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында жеңіл көлік "Камазбен" соқтығысты. Жарақат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды.
 "Самара-Шымкент" автожолында "Тоуота Аlphard" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қобда кентінен Ақтөбе қаласы бағытында келе жатып, тайғақ жол учаскесіндегі рульді басқара алмай, қарсы бағыттағы "Камаз" маркалы қар жинайтын автокөлікпен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан "Тоуота Аlphard" автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды және 5 жолаушы, оның ішінде екі бала бар, Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Оқи отырыңыз: