Жерге қауіпті астероид жақындап келеді

Ғалымдар жеті жылдан кейін Апофис астероиды Жерге мейлінше жақын қашықтықта ұшып өтетінін айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Диаметрі 400 метр және салмағы 30 тоннаға жуық Апофис деп аталатын қауіпті астероид Жерге қарай ұшып келе жатыр. 2029 жылдың сәуірінде ол біздің ғаламшарға барынша қатты жақындайды.
Жер мен астероид соғысқан жағдайда босатылатын энергия 1717 мегатоннаны құрайды. Бұл 1961 жылы сынақ кезінде жарылған ең жойқын кеңестік термоядролы бомбаның энергиясынан 30 есе көп. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Астероид құлаған орыннан 10 шақырым радиустағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балды құрауы мүмкін. Ал жел секундына 790 метр жылдамдықпен соғады", - деп жазылған РФ ТЖМ Бүкілресейлік азаматтық қорғаныс жән төтенше жағдайлар проблемасы жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының болжамында.
Оқи отырыңыз: Жерге көлемі үш футбол алаңындай астероид жақындап келеді
Алайда сарапшылар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдылығы қаншалықты жоғары екенін айтпады.
Ғалымдар бір ірі метеориттің жер бетіне құлауы тірі ағзаның жаппай қырылуына (осыдан шамамен 250 миллион жыл бұрын) алып келгенін айтып отыр. Луис Альварестің гипотезасына сәйкес, тағы бір метеорит динозаврлардың жер бетінен жоғалып кетуіне әкеп соқты.