Өңірлер

Үржар ауылында қару асынған адамдар тойға баса-көктеп кіріп келді – видео

Бұған дейін әлеуметтік желіде жаңажылдық шара кезінде қолына қару ұстаған адамдардың мейрамханаға кіріп, дүрбелең тудырған видеосы тарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар - Sputnik. Полиция Шығыс Қазақстан облысының Үржар аулында жаңажылдық мереке кезінде болған оқыс оқиға туралы айтып берді.
"2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 4:00 шамасында Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде жергілікті екі тұрғын туындаған дауға байланысты оқ ататын қару қолдану арқылы бұзақылық әрекетке барған. Олар атқан оқтан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген Шығыс Қазақстан облысы полициясының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды – оқиғаның мән-жайы
Полиция автомат асынғандардың бірін ұстады. Екіншісі қазір іздестіріліп жатыр, бірақ оның жеке тұлғасы анықталды, деп мәлімдеді полициядағылар.
Осы оқиғадан кейін ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Құқық қорғау ведомствосы ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейтінін айтты.