Видео

Жаңажылдық ертегі: Рига түбінде тематикалық саябақ ашылды – видео

Латвия астанасының маңындағы жарық инсталляцияларының тематикалық саябағы тұрғындар мен қонақтарды тәнті етті
Sputnik
Бұл Жаңа жыл қарсаңында Рига түбіндегі Пакруой мекенінде ашылған қытай шамдары фестивалі.
Биыл игі дәстүр Льюс Кэрроллдің "Алиса ғажайыптар елінде" ертегісіне арналған.
Айнала ақ қарға көмілген саябақта таңғажайып гүлдер гүлдеп, саңырауқұлақтар жылтылдайды, сағат тықылдайды...Ағаштар арасында британдық математиктың атақты туындысына арналған көз тартарлық инсталляциялар жарқырайды.
Инсталляциялар дәстүрлі қытай шамдарының үлгісімен жібектен қолдан жасалды.
Жарқырайтын фигуралар 15 гектар аумақта ашық аспан астында орналасқан. Ғажайыптар еліне қаңтар айының ортасына дейін саяхат жасауға болады.