НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ондаған тұрғын билікке бейнеүндеу жолдады. Олар газды арзандатуды талап етіп отыр.
Жаңаөзендіктердің айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "көгілдір" отын бағасы күрт – 120 теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды Lada.kz.
Тұрғындар елдегі ең төменгі жалақыны ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Сондай-ақ олар Маңғыстау облысында газ үнемі болғанын қалайды.
Жергілікті биліктен әзірге еш жауап жоқ.
Еске салсақ, Қазақстанда биылдан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды.