Өңірлер

Алматы облысында қатты жел ер адамды әуе шарымен бірге ұшырып әкетті

Әуе шарының себетінде ұшу жөніндегі нұсқаушы отырған, зардап шеккендер жоқ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында әуе шарында отырған ер адам тауға қарай ұшып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл факті 1 қаңтар Алматы маңында, Талғар ауданында тіркелді. Алматы облысы ТЖД-ға хабар сағат 16.43-те келіп түскен. "Ақ бұлақ" тау-шаңғы кешенінде әуе шарымен ұшу кезінде қатты желден сақтандыру арқаны үзіліп, ер адам шармен бірге тауға қарай ұшып кеткен.
Оқиға орнына кинологтармен бірге құтқарушылар аттанды.
"Ұшып кеткен шардың себетінде ұшу жөніндегі нұсқаушы болған. Ол Солдатсай шатқалына өз бетінше қонды. Құтқарушылар оны іздеп тауып, қауіпсіз жерге жеткізді", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз: