Видео

Ресейдің танымал әншісі жаңа жылды Алматыда қарсы алды – видео

Ресейлік әнші жаңа жыл түні өнер көрсету үшін Қазақстанға келді. Әнші әлеуметтік желіде Алматыда түсірілген видеоны бөлісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Ресейдің танымал әншісі Дима Билан жаңа жылды Қазақстанда қарсы алды.
"Достар, менің қайда жүргенімді білесіздер ме? Қай жаққа ұшып кеттім? Таулар, таулар, таулар, тамаша көрініс!  Мен Алматыдамын. Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, достар!", - деді Билан.
Артынан тағы бір видеоны жүктеді.
"Бұл жерде Жаңа жылды тойлап кетті. Бәрі жанып, жарылып жатыр. Барлық жерде петарда мен отшашу. Бүгін Жаңа жылды қарсы алып, екі рет тілек тілеймін", - деді әртіс.
Айта кетері, Алматы мен Мәскеудің уақыт айырмашылығы – 3 сағат.
Әнші бұған дейін Алматыдағы тойға келіп, өнер көрсеткен. Сол кезде блогер Біржан Әшім оның мас күйінде ән айтқанын түсіріп, желіге жүктеген. Ол видео қызу талқыға салынды. Артынан Дима Билан өз қателігін мойындады. Бірақ өзіне жүктелген міндетті толығымен орындап шыққанын мәлімдеді. Тапсырыс берушілердің тарапынан реніш болған жоқ.
Оқи отырыңыз: Әміре мен Әлішер ресейліктерді тағы таңғалдырды - видео
Ал Біржан Әшім видеоны жойып, кешірім сұрады.
Биыл ресейлік "Голос" шоуында Дима Билан қазақтандық әнші Ернар Садырбаевтың тәлімгері болды.