Елорда тынысы

Елордада жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді

Бір түнде астана тұрғындарының саны он ұл мен алты қыз балаға ұлғайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Жаңа жыл түні Нұр-Сұлтан қаласында 16 нәресте дүние есігін ашты.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, бір тәулікте орташа есеппен 80-90 бала дүниеге келеді деп күтілуде.
"Жаңа жылдың бірінші күні қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында алты қыз бен он ұл туды", - деп мәлімдеді басқармадағылар.
Сондай-ақ астанада 125 жедел жәрдем бригадасы Жаңа жылда кезекшілік атқарды.
Өтінімдерді 13 диспетчер қабылдады, фельдшер мен жүргізушілер қатарынан 355 қызметкер тұрғындардың шақыртуына шықты.
Оқи отырыңыз: