НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Қаулының Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істеуге тиіс нысандарға қатысты негізгі бөлігін жариялаймыз.
2021 жылдың 31 желтоқсанында шыққан қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан халқы арасында COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін:
Объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын: