Оқиға

Алматыда жол талғамайтын көлік аударылды – фото

Toyota Land Cruiser Prado басқа көлікпен соқтығысуы салдарынан аударылып кетіп, біраз жерге сырғып барған
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Саин даңғылында көлік апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry 70 және Toyota Land Cruiser Prado көліктері Саин даңғылының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жол айрық көпірінің астында белгісіз себептермен Toyota Camry бар жылдамдықпен Land Cruiser көлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды
Соңғысы жиектасқа ұшып түсіп, металл қоршауға соғылған, содан кейін жол талғамайтын көлік аударылып кетіп, инерциямен бірнеше ондаған метрге сырғыған.  
Жол талғамайтын көлік аударылды
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мен жолаушысы. Оларды оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері тексерді. Жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты, ал апаттан зардап шеккен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Саин даңғылындағы жол апаты
Toyota Camry жүргізушісі де тексерілді, ол ауыр жарақат алмаған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан маңында жантүршігерлік жол апаты болды