Өңірлер

Синоптиктер жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Қаңтардың алғашқы күндері елдің оңтүстік облыстарында ауа райы жылы болады, бірақ республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын жауады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Синоптиктер 1-3 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Жаңа жылдың басы қарлы болғанымен, күн жылынады деп болжанып отыр.
Қазгидрометтің хабарлауынша, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
"Ақ теңіз аймағынан келетін солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батысында жауын-шашын (негізінен қар) болуына ықпал етеді де, одан кейін шығыс бағытында және республиканың қалған бөлігіне қарай жылжиды. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді деген болжам бар", - деп жазылған хабарламада.
Батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Жалпы республикада ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяздың беті қайтады.
3 қаңтарда солтүстікте ауа температурасы 10...18 градус нөлден төмен деңгейде, ал күндіз - 3-8 градус аяз болады.
Республиканың оңтүстік облыстарында сынап бағанасы түнде 0-5 градусқа дейін жетеді. Кей жерлерде 0...10 градус аяз, күндіз - 3...13 градус жылы болуы ықтимал.

Оқи отырыңыз: