Қоғам

Жаңа жылға қандай ерекше тағамдар дайындауға болады

Жаңа жылдық дастарханды көп уақыт жұмсамай және басқалардың көңілінен шығатындай етіп қалай дайындауға болады?
Sputnik
Бұл туралы Sputnik радиосының эфирінде бас аспаз Сергей Синицын айтып берді.
Ең дұрыс әдіс – бұрыннан таныс және қарапайым тағамды негізге алып, оның құрамын сәл ғана өзгерту қажет.
"Қарапайым және дәстүрлі тағамға көңіл бөлген дұрыс. Егер бұл салат болса, онда осыған дейін бүкіл отбасы сүйіп жейтін оливье болуы мүмкін. Егер оның құнарлылығын біршама азайту қажет болса, картоптың орнына балдыркөк қолдануға немесе қияр сынды ингредиентті көбірек қосуға болады", - деді Сергей Синицын.
Бас аспаздың пікірінше, мерекелік дастарханда "селедка под шубой" салаты болуы керек.
"Бірақ мен биылғы Жаңа жылға майшабақтың орнына қайраң сардинасын қолданамын", - деді ол.
Бас аспаз гарнир ретінде барынша қарапайым және бәріне жақсы таныс қайнатылған картоп дайындауға болатынын айтты.
"Езілген сарымсақ, кішкене сары май және аскөк қосылған қайнатылған картоп тәбет ашады. Оған хош иісті майды аздап қосса, тіпті тамаша болады", - деді Сергей Синицын.
Қоғам
Балаларға күнде беріп жүрген тағам зиян болып шықты
Оның айтуынша, кейбір тағамды алдын ала дайындап қойған абзал. Сонда Жаңа жыл қарсаңында көбірек бос уақыт болады. Мысалы, холодецті ерте әзірлеуге әбден болады.
"Сонымен қатар жартылай дайындалатын тағамдар бар. Мысалы, балық сатып алып, пияз турап, оған дәмдеуіштер қосып, оны қаптамаға орап, тоңазытқышқа салып қою керек. Қонақтар келген кезде тез арада пешке салсаңыз жеткілікті", - деді Сергей Синицын.
Бас аспаздың пікірінше, зімбір, куркума, чиа дәні, жібітілген грек жаңғағы сынды ингредиенттерді қосу арқылы тағамға ерекше әрі жаңа дәм беруге болады.
Синицын дәмханадан алдын ала тапсырыс арқылы тағам алғызу жаңа жыл қарсаңындағы қарбаласты айтарлықтай азайтатынын ескертті.