Қоғам

Жаңа жыл дастарханын қалай дайындау керек – сарапшы кеңесі

Маман барыс жылы кірерде жайылатын дастарханға қандай тағам қою қажет екенін айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 желтоқстан – Sputnik. Әлем жаңа 2022 жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Жаңа жыл дастарханына не қою керек және мерекелік дастарханды қалай безендіруге болады? Бұл туралы Ресейдің іскерлік этика, этикет және хаттама қауымдастығының сарапшысы Гүлшат Осипова айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ет пен гарнир

Осипованың айтуынша, жаңа жылда мерекелік мәзір жыл символының қалауына сай болуы керек. 
"Жаңа 2022 жылы мерекелік үстелдегі басты тағам ет болуы керек. Мерекелік үстелде ет тағамдары неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бұл қой еті, құс еті болуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Ол ет тағамдарын үлкен кесек күйінде пісіруді ұсынды, тек оны жаңа жыл үстеліне қоятын кезде әдемі бөліктерге кесу керек. Ет тағамдарын қуырып, су немесе буға пісіруге, қайнатуға болады. Сарапшының сөзінше, 2022 жылы мерекелік дастарханның көркі кәуап немесе ет қақтамасы болады.
"Мерекелік мәзірде ыстық тамақтың жанында гарнир болуы керек. Оған пісіруге, бұқтыруға болатын кез келген көкөніс жарайды. Барысқа сары немесе қызғылт сары түстегі гарнир ұнайды. Ол үшін гарнир дайындап жатқанда запырангүл (шафран) немесе куркума қолданыңыз", - дейді ол.
Сондай-ақ мерекелік дастарханда ет немесе шұжық кесектері болуы қажет. Оның сапасына ғана емес, әрленуіне де көңіл бөлген жөн.
"Дастархандағы тағам әдемі әрленуі керек, себебі 2022 жылдың символы барлық жағынан мінсіз және сұлу дүниелерді жақсы көреді", - деп атап өтті маман.

Өткен жылға құрмет

Осипованың айтуынша, жыл символы өте талғампаз жануар болғандықтан, тағам таңдауда да шектеулер бар. Дастарханнан сиыр етін, балық, теңіз өнімдерін алып тастаған жөн.
"Сиыр етін қоймау арқылы біз өткен жылға құрмет көрсетеміз", - деді ол.
Дастарханға салат қойған кезде ішіне ет қосуды ұмытпаған жөн. 2022 жылдың символының көңілінен шығу үшін оны түрлі фигурамен, сәбізден, лимон, апельсин, мандариннен жасалған гүлмен безендіруге болады. Мұндай жағдайда сарғыш-сары түсті қолдануды ұмытпаған жөн.
Ішімдік пен көпіршікті суларды дастарханға қойғанда абай болу керек, себебі жыл иесі оларды ұнатпайды.

Дастархан түсі қандай болуы керек?

Осипова 2022 жылдың тақырыбы мен символын ескеріп, сары немесе қызғылт сары дастархан жаюға кеңес берді.
Сондай-ақ ақ түс әрқашан әдемі көрінеді. Мұндай жағдайда мата майлық дастарханмен үйлесуі керек. Бұл мерекелік дастарханға ерекше сән береді.
"Дастархан түсі ақ болса, жаңа жыл сезілетін кез келген майлықты таңдауға болады. Ыдысты таңдаған кезде бейтарап түстерге мән берген жөн. Ол да сары және қызғылт сары түске үйлесуі керек. Сары сызық жүргізілген ақ тәрелке – ең ұтымды шешім", - дейді сарапшы.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалады
Шанышқы-қасық та ыдысқа сәйкес келуі керек, дейді маман.
"Үстелде хрусталь ыдыстардың тұруы әрқашан мерекелік дастарханның сәнді безендірілуіне көмектеседі", - деп кеңес берді маман.
Сондай-ақ дастарханға шамдар, шырша бұтақтары, ойыншық пен лента қоюға болады. Алайда ол қарама-қарсы отыратын адаммен әңгімелесуге кедергі келтірмеуі қажет.

Ең бастысы – минимализм

Сарапшының айтуынша, жыл символы минимализмді жақсы көреді. Сондықтан үй декорын таңдағанда осыны ескеру қажет.
"Жаңа 2022 жылы тізгін барысқа өтеді. Жалпы айтқанда келер жылдың басты үрдісі минимализм болады. Жаңа жыл интерьерін безендіру кезінде көк, күміс түс, құм түсі, жасыл, ақ, алтын түске назар аудару қажет", - деді ол.
Интерьерде геометриялық пішіндер арасынан төртбұрышты, дөңгелек, қайталанатын элементтерді немесе декор элементтерін таңдау керек, сонымен қатар табиғи материалдарға назар аудару керек, деп қорытындылады маман.