Видео

Перзентханада жаңа туған сәбилерге Аяз ата киімін кигізді – видео

Өмірге жаңа келген сәбилерді мерекеге сай киіндірді: шақалақтардың басына Аяз ата қалпағын кигізіп, жаңа жылдық қызыл үлкен шұлыққа орады
Sputnik
Мәскеу маңындағы перзентханалардың бірінде Жаңа жыл қарсаңында ерекше акция өтті. Сәбилер анасымен қауышар алдында қыс сиқыршысының костюмін киді: әдеттегі қарапайым жаялықтың орнына бөбектерді мерекелік шұлыққа орап, басына қалпақ кигізді.
Жаңа босанған аналар сәбилерінің бұл түріне қуанбаса, қынжылған жоқ: себебі нәрестелердің көңіл ұйытқаны соншалық, оларға сүйсінбей қарау мүмкін емес.
Бұл креативті идеяға нәрестелердің әкелері де қуанды. Олардың пікірінше, бұл нағыз жаңажылдық тосынсый болды.