Саясат

Қазақстан мен Ресей екіжақты қарым-қатынасты дамытуда жетістікке қол жеткізді – Путин

Путин Қазақстанмен стратегиялық серіктестік жан-жақты нығаятынына үміттенетінін жеткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған құттықтауында екі ел еуразиялық интеграциялық процестерді ілгерілетуде және екіжақты қарым-қатынасты дамытуда жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Кремль сайтында хабарланғандай, Владимир Путин күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, екі ел биыл елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Екіжақты қарым-қатынас дамып, еуразиялық интеграциялық процестер ілгеріледі.
Құттықтауда жазылғандай, бұл бағыттағы ең маңызды іс-шара Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы болды: жиын қорытындысы бойынша бекітілген келісімдер өзара тиімді кооперация үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путиннің кездесуі: президенттер не туралы сөйлесті
Ресей лидері бірлескен күш-жігер арқасында Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік мүддесі үшін стратегиялық серіктестік пен одақтастық одан әрі жан-жақты нығаятынына сенімін білдірді.