Қоғам

Сенат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, депутат Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен өтініш берген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, депутат Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен өтініш берген. 
"Нұрлан Наурызұлы Алматы облысынан сайланған депутат ретінде бес жылдан астам жұмыс істеді. Осы аралықта сенаттың заң шығару жұмысына, өңірлердің мәселесін шешуге белсенді атсалысты. Палатаның қызметіне өзінің қомақты үлесін қосты. Комитеттің жұмысын тиімді ұйымдастыруға да біраз еңбек сіңірді", - деді Әшімбаев.
Сенат депутаттары әріптесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
Еске сала кетейік, кеше мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов ол міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін хабарлады.
Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды