Қоғам

Жаңа босанған қазақстандық актриса перзентханадан сурет бөлісті

Актриса қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның тұңғышы бес жаста, екіншісі екіде, үшеуі де қыз
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. "Келинка Сабина" фильміндегі Алтыншаш рөлімен танымал актриса және тележүргізуші Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Актриса өзінің Instagram парақшасында перзентханада түсірілген суретті бөлісті.
"Естіп жатқан боларсыздар! Одан да өзім айтайын, бүгін таңертең, мынандай аруды дүниеге әкелдім. Бәрі жақсы. Қол-аяғымды жинап жатырмын. Кейін барлығын дұрыстап жазам ғой", - деді Айнұр өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетері, актрисаның тұңғышы бес жаста, екіншісі екіде, үшеуі де қыз.