Денсаулық

Дәрігер көру қабілетінің күрт нашарлау себебін атады

Маман адам ағзасында дәрумендердің бірі жетіспеген жағдайда көздің көру қабілеті нашарлауы мүмкін екенін айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Эндокринолог Татьяна Бочарова А дәруменінің жетіспеушілігі көздің көру қабілеті үшін қандай салдарға алып келетінін айтты, деп жазды РИА Новости.
А дәрумені көздің көру қабілеті үшін маңызды дәрумендердің біріне жатады. Ол көз тамырының жұмысына көмектеседі және көз бұлшықеттерін күшейтеді, деп түсіндірді маман. Дәрігер оның тапшылығы көз шынайнасының құрғауына және көз жасы арналарының бітелуіне алып келетінін жеткізді.
"Бұл сезім компьютерде көп отыратын адамдардың барлығына жақсы таныс. А дәрумені тапшылығының тағы бір жағымсыз салдары – қараңғыда көру қабілеті төмендеп, адам әлсіз жарықты байқамайтын болып қалады", - деді Татьяна Бочарова.
Дәрігердің айтуынша, А дәруменін көкөніс шырынынан, бірақ тек жаңа сығылған шырыннан алуға болады.
Жануарлардан алынатын өнімдердің ішінде А дәрумені көбіне балық майында (19 миллиграмм), тауық бауырында (100 грамда 12 миллиграмм), сиыр етінде (8,2 миллиграмм), нәлім (солтүстік теңіздерде болатын балық – Sputnik) бауырында (4,4 миллиграмм), қой бауырында (3,6 миллиграмм) бар.
Оқи отырыңыз: