НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
© Официальный сайт Президента Казахстана /
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілі толатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
"Білім беру саласындағы келісім – өте маңызды. МФТИ және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында мамандар даярлауға ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Владимир Путин Қазақстан президентін келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.
Оқи отырыңыз: