Оқиға

Полиция "Астана Операдан" адамдарды не үшін шығарғаны белгілі болды

Театрда балаларға арналған "Щелкунчик" спектаклі өтуі керек еді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сәрсенбі күні "Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл эвакуациялауға қатысты түсініктеме берді.
Полицияға театрдың қауіпсіздік қызметінен сағат 11.25-те қоңырау түскен. Ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат табылғаны хабарланған.
"Оқиға орнына арнайы қызмет аттанды. Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылмады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ведомство.
Бұған дейін елордадағы "Астана Опера" театрының ғимаратынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарып жатқаны туралы хабарланған болатын – онда "Щелкунчик" балалар спектаклі өтуге тиіс еді.
Театрдағылар көрермендер мен театр қызметкерлерінің барлығы ғимараттан эвакуацияланғанын хабарлады.
1 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
2 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
3 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
4 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
5 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
6 / 6
Людей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
"Біз балаларға арналған "Щелкунчик" балетіне келдік. Спектакль басталардан жарты сағат бұрын ғимараттан шұғыл шығу керектігін хабарлады. Олар бұл оқу-жаттығу емес екенін айтты. Мұндағы көрермендердің барлығы дерлік әйелдер мен балалар. Дереу сырт киімді алып, сыртқа шығып, балалармен бірге далада тұрмыз", - деді Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлерінің бірі.
Ата-аналардың айтуынша, эвакуацияланған балалар жақын маңдағы медициналық орталыққа орналастырылған.