НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың 29-31 желтоқсанында ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына өз ықпалын тигізеді. Қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Содан кейін суық ауа массалары жауын-шашынды тоқтатады, елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Шығыс пен оңтүстік-шығыста құбылмалы ауа райы сақталады.
Нұр-Сұлтан
29 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 7-9 градус салқын, күндіз одан да төмендейді.
30 желтоқсан: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз болады.
31 желтоқсан: жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 14-16 градус аяз болады.
Алматы
29 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
30 желтоқсан: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с, түнде 5-7 аяз, күндіз 1-3 жылы.
31 желтоқсан: көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде минус 7-9 градус, күндіз 1-3 градус жылы.
Шымкент
29 желтоқсан: жауын-шашын болмайды, кейде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 5-7 жылы.
30 желтоқсан: солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 7-9 жылы.
31 желтоқсан: шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде 3-5 аяз, күндіз 9-11 жылы.