НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды", - деп жазды Уәли.
Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр.
Кеше Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.
Бүгін, 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді.