Қоғам

"Спутник Лайт" вакцинасының миллион дозасы жеткізіледі

Қазақстан мен Ресей арасында алдын ала келіссөздер өткізіліп қойды, деді Айжан Есмағамбетова
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанға желтоқсанның соңы-қаңтардың басында ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр.
2022 жылдың басында Қазақстанға барлығы "Спутник Лайт" вакцинасының 1 миллион дозасы жеткізіледі, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
"Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында "Спутник Лайттың" алғашқы 150 мың дозасын жеткізу туралы уағдаластық бар", - деді ол үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында алдын ала келіссөздер өткізіліп қойды.
"2022 жылдың бірінші тоқсанында 1 миллион доза ("Спутник Лайт") жеткізу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді Есмағамбетова.
Комитет басшысы вакцина тегін егіле ме деген сұраққа жауап берген жоқ.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев желтоқсаннан бастап 2022 жылдың бірінші тоқсаны арасында Қазақстанға 5 миллион доза вакцина жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: