Экономика

Отбасы банк ұлттық даму институтына айналды

Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. "Отбасы банкіне" ұлттық даму институтының дәрежесі беріледі.
"Отбасы банк" АҚ-ның екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр", - делінген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің ресми хабарламасында.
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында "Отбасы банктің" негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Сол жерге әкімдіктің баспана кезегі тапсырылады. Орталық тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алуды жалғастырады.
Сондай-ақ тізім бойынша баспана беретін болады.
Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады.
Бұдан бөлек, Отбасы банк облыс әкімдерімен бірлесіп, моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлейді. Оны 2022 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: