НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. TikTok қолданушысы жігіті көзіне шөп салғанын қалай білгенін айтты.
"Мен ол демалыстан жіберген суретті көріп, бәрін бірден білдім. Кейін ол беті ашылғанын түсініп, менімен айырылысу үшін хабарласты", - деп жазды ол.
Видеода қыз сүйіктісі демалысынан жіберген суретін көрсетті. Ол өзенде жүзу кезінде селфи жасады. Жігіт жалғыз демалып жүргенін айтып сендірді. Бірақ оның көзілдірігінде онымен бір қайықта отырған қыздың бейнесі айқын көрінеді.
Мұны көрген әйел жігітінің жанындағы қыз туралы сұрады. Біраз уақыттан кейін жігіт опасыздық жасағанын мойындады. Бұл видео желіде жылдап тарала бастады. Бірнеше күн ішінде миллионнан астам қаралды.