Саясат

Валентина Матвиенко Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр

Ресей парламенті жоғарғы палатасының басшысы Қазақстанға 2022 жылы сапармен келуді жоспарлап отыр. Сапар парламенттік ассамблеяның 30 жылдығына орайластырылады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко келесі жылы Орталық Азияның бірнеше еліне баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Олардың арасында Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан бар, деп хабарлайды РИА Новости.
"Наурыз айында – парламентаралық ассамблеяның 30 жылдығы. Қазақстан құрылтайшы ел ретінде отырысты Қазақстанда өткізуге шақырды. Біз мұны қуана қабылдадық", - деді Матвиенко журналистерге баспасөз мәслихатында.
Ол жоспар өзгермесе, елге сапармен келетінін атап өтті.
Валентина Матвиенко парламентаралық халықаралық қызметті жандандыру қажет екенін айтты.
"Қаңтарда Федеральды жиналыс делегациясы ЕКПА сессиясына қатысады. Біз басқаларға сияқты, ресейлік делегацияға да толық құқық берілуіне қол жеткіздік. Себебі бұған дейін шектеулер тек Ресейге ғана қолданылған еді", - деді ол.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан құрметке ие мемлекетке айналды": Назарбаев Матвиенкомен кездесті
Валентина Матвиенко Қазақстанға 2021 жылдың маусымында келген еді.