НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде селфи үшін пойыз төбесіне шығып, тоққа түсіп көз жұмған жасөспірім туралы видео тарады. Оқиға Таразда болған.
Жасөспірімнің оқиға орнында қаза болғаны хабарланды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға түсіндіргендей, бұл дерек Тараз стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Факті Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-тармағы "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан, темiржол көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді.
Тергеу жүріп жатыр.
Полиция Қылмыстық-процессуалды кодекстің талаптарына сілтеме жасап, бұл іске қатысты өзге ақпаратты ұсынудан бас тартты.
Оқи отырыңыз: