Өңірлер

Атырауда болған төбелестің видеосы жарияланды

Патрульдік полиция қызметкерлері 26 және 27 жастағы екі жігіт қоғамдық орында төбелес шығарғанын анықтады   
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Атырауда түнгі клуб алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық орында төбелес шығарған 26 және 27 жастағы екі жігітті анықтады.
Медициналық айғақтау нәтижесінде олардың жеңіл дәрежеде мас  екені анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз: Кентауда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті