Өңірлер

Ақтауда 2,5 миллион теңгеге орнатылған әткеншекті бұзақылар қиратып кетті

Қала әкімдігі "Әткеншек" шағын сәулет нысаны әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер компания жүргізеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда Ынтымақ алаңындағы жаңа әткеншекті вандалдар бұзып кетті. Айта кетері, ол қала бюджетіне 2,5 миллион теңгеге (6 мың долларға жуық) түскен.
"Clover media group" ЖШС орнатып жатқан Ынтымақ орталық алаңындағы құрылысы аяқталмаған "Әткеншек" нысанын қиратқан бұзақылардың әрекеті ақтаулықтардың наразылығын тудырды.
"Не айтарыңды білмейсің. Алаңда бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғаны анық, ол адамдарды анықтау қиын емес еді, бірақ неге екені белгісіз, полицияның қимылдайтын түрі жоқ", - деді қала тұрғыны Ғалия "Лада" басылымына.
Ал қала әкімдігі "Әткеншек" шағын сәулет нысаны әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. Қалпына келтіру жұмыстарын "Clover media group" ЖШС компаниясы жүргізеді, деп түйіндеді әкімдік.
Айта кетері, "Әткеншек" шағын сәулет нысаны әкімдікке 2 553 441 теңгеге түскен.
Оқи отырыңыз: