Өңірлер

Шымкент тұрғыны көңілдесінің атынан онлайн кредит рәсімдеген

Тергеу барысында ұсталған азамат алынған кредитті жаратып жібергені белгілі болғанды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте көңілдесінің атынан онлайн кредит рәсімдеген азамат ұсталды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бұрын  "азаматтық некеде" болған ер адам пәтеріне келіп, ұялы телефонын алып қойып, жасырын түрде кредит рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құраған. Яғни, арызданушы ұялы телефонындағы қосымшадан кредиттің хабарламасын көріп, өзіне заңсыз кредит рәсімделгенін біліп, полицейлерден көмек сұраған.
Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде оны қала аумағында ұстап, басқармаға жеткізді.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысының тұрғыны келіні не істеп жүргенін полицейлерден білді
Тергеу барысында ұсталған азамат алынған кредитті жаратып жібергені белгілі болғанды. Қазіргі таңда азаматқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрап, бейтаныс азаматтарға сенім білдірмеу керектігін ескертті.