Кристиан Диор жеке сән үйін құруға қырық жылдан астам уақыт бойы талпынған. Дәулетті отбасында туған Кристанды жақындары дипломатия саласында қызмет етеді деп үміттенді. Бірақ ол уақытты музей мен галерея аралауға жұмсаған.
Ол өнермен әуестенді. Бір кездері оның Мане мен Пикассо туындылары қойылған көркем сурет галереясы да болды. Сән саласындағы революцияға дейін әлі жиырма жыл бар еді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, ол түрлі орында жұмыс істейді.
Осылайша 1947 жылдың ақпанында танымал кутюрьенің алғашқы әрі әйгілі топтамасы көрерменге таныстырылды. Подиумдағы арулар кең етекті, бел қатты тартылған және көкірек тұсы жоғары көтерілген көйлектерді киіп шықты. Диор ұсынған "сұлу ханым" бейнесі соғыстан кейінгі қиын кезеңдегі қыз-келіншектің кейпіне қарама-қайшы болды. "Harper′s Bazaar" журналының бас редакторы Кармел Сноу Диор туындыларын New Look деп атады.
Бұл топтама өте сәтті болды және әлі де жоғары бағаға ие. Біраз уақыттан кейін Кристиан Диор дәулетті әрі танымал қыз-келіншектерге киім тіге бастады.