НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бір күн бұрын төрт кішкентай баланы өрттен аман алып қалған қостанайлық оқушы Олег Пирогқа сыйлық тапсырады.
"Ертең Олегті осы ерлігі үшін жеке алғыс айтуға, грамота мен бағалы сыйлықтар беруге шақырдым. Сондай-ақ осындай батыл және нағыз адал азаматты тәрбиелеген ата-анасына ризашылығымды білдіремін. Жарайсың, Олег!", - деп жазды Мұхамбетов Instagram-да.
Оқиға 25 желтоқсанда Қостанайдағы "Садовод" саяжай қоғамының аумағында болған. Үлкендер үйдегі пешті жағып, төрт кішкентай баласын қалдырып, дүкенге кеткен.
Жақын жерде тұратын 5-сынып оқушысы Олег Пирог өртті көріп, үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып, барлық баланы бірінен соң бірін дала шығарған.