Фото

Су тасқыны, жер сілкінісі, өрт: 2021 жылы әлемде болған ірі апаттар – фото

2021 жылы ғаламшардың түпкір-түпкірінде болған жойқын су тасқыны мен жер сілкінісі, құрғақшылық пен орман өрті, дауылдар мен жанартаудың атқылауы секілді табиғи апаттардың фотосын көріңіз
Sputnik
2021 жылы әлем бойынша әртүрлі табиғи апаттар болды. Мәселен, Якутия, Греция, Түркияда миллиондаған гектар орман өртенді. Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігіндегі аптап ыстық болды, Германияда бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып, әлемнің әр жерінде жанартаулар атқылады.
Канар аралындағы Ла-Пальманың Кумбре-Вьеха жанартауының өзі қаншама қиындық тудырды.
Франция көктемдегі аяз салдарынан жүзімдіктің көп бөлігін жоғалтты, Қырымдағы қатты нөсер су тасқынына әкелді, Жапонияда жер сілкінді, Үндістан жаңбыр астында қалды, Канада мен АҚШ-та қатты дауыл болды.
Алайда 2021 жылы әлем бойынша экономикаға үлкен зиян келтірген апаттар мұнымен тоқтамайды. Сарапшылардың алдын ала бағалауы бойынша биыл шығын 93 миллиард доллардан асты. Алайда бұл нақты шығын көлемі емес. Елдер табиғи апат салдарының шығынын әлі күнге дейін есептеп жатыр.
Сондай-ақ мамандар ғаламшардың әртүрлі нүктесінде ауа райы мен климаттың тым құбылмалы болуына және табиғи апаттардың көбеюіне не себеп болғанын анықтамақ.
Көптеген климатолог мұны жаһандық жылынумен байланыстырады. Оның әсерін төмендедетін факторларды зерттеп жатыр.
2021 жылдағы ең ірі және жойқын табиғи апаттардың фотосын біздің материалдан көріңіз. 
1 / 27
Ла-Пальма аралындағы жанартаудан шыққан лава.
2 / 27
Қытайдың Чжэнчжоу қала округіндегі нөсерден кейінгі апат.
3 / 27
Батыс Германиядағы су тасқыны салдарынан үй мен жолдар қирап қалды.
4 / 27
Грециядағы табиғи өрт кезінде қыз ит ұстап жүр.
5 / 27
Чехиядағы торнадоның салдары.
6 / 27
Нью-Джерсиде қалың қар жауды.
7 / 27
Бейжіңдегі құмды дауыл.
8 / 27
Сент-Винсент аралында жанартау атқылады.
9 / 27
Малайзияда су тасқыны болды.
10 / 27
Мадридтегі көшелердің бірінде скутердің үстін қар басып қалды.
11 / 27
Исландиядағы Фаградальсфьядль жанартауының атқылауы.
12 / 27
Мексикадағы Грейс дауылының салдары.
13 / 27
Норвегиядағы Ask ауылының жанындағы көшкін.
14 / 27
Калифорниядағы орман өрті.
15 / 27
Мозамбикте су тасқыны болды.
16 / 27
Индонезиядағы Семеру жанартауының атқылауы салдарынан тұрғындар эвакуацияланды.
17 / 27
Ыстанбұлда қалың қар жауды.
18 / 27
Луизиана штатында найзағай ойнады.
19 / 27
Италияда Этна жанартауы атқылады.
20 / 27
Жапонияда көшкіннен кейін із-түссіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр.
21 / 27
Якутиядағы орман өртін сөндіруге қатысқан "Авиаорманқорғау" қызметкері.
22 / 27
Ұшақ Францияның Вар департаментінде тау бөктерінде шыққан өртке қарсы зат шашып жатыр.
23 / 27
Эмили Франсуа АҚШ-тағы Ида дауылының салдарынан су тасқынынан зардап шеккен үйінің жанында жүр.
24 / 27
Гавайи аралдарында Килауэа жанартауы атқылады.
25 / 27
Индонезияда Синабунг жанартауының етегіндегі орналасқан ауыл.
26 / 27
Коммуналдық қызмет "Москва-сити" іскерлік орталығының жанындағы алаңнан қарды тазалап жатыр.
27 / 27
АҚШ-тың Орегон штатындағы өрт.