Қоғам

Смартфондағы мобильді банк несімен қауіпті

Маман ірі банк қосымшалары қазіргі заманғы қауіпсіздік талабына сай емес екенін алға тартты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Телефондағы мобильді банкті пайдалану қауіпті, деді "Прайм" агенттігіне "Ақпарат қауіпсіздігі зияткерлік жүйелері" кафедрасының доценті Евгений Кашкин.
Оның айтуынша, ірі банк қосымшалары қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына сай емес.
"Алайда негізгі проблема қосымшалардың өзі емес, алаяқтардың әрекеті мен қолданушылардың сенгіштігінде. Банк Сізден ешқашан онлайн-банкке кіру сілтемесі бойынша өтуді сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Фишинг жүйесі ғана осылай жұмыс істейді", - деді маман.
Қылмыскерлер ресми қосымшаның немесе сайттың көшірмесін жасайды. Осылайша, клиент туралы ақпарат ұрлайды, деп түсіндіреді маман
Онлайн-банкке кіру үшін құпиясөзді жүйелі түрде ауыстырған жөн. Өйткені алаяқтар көріп қоюы мүмкін.

Оқи отырыңыз: