Әлем

Жолаушылар ұшақ қозғалтқышының отқа оранған сәтін видеоға түсіріп алды

Әуежай оқиға туралы ақпаратты растады. Жолаушылар үйлеріне қайтты, олар жаңа рейспен жолға шығады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Жолаушылар Ресейдің Тюмень қаласынан Армения астанасына бет алған ұшақтың жарылған қозғалтқышын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Рейс таңғы 07:20-ға жоспарланған болатын. Ұшу кезінде қозғалтқыш жарылып, рейс тоқтатылды. Жолаушылардың жартысы үйлеріне кетті. Кешке жаңа рейспен жолға шықпақ", - деді жолаушылардың бірінің туысы.
Желіде болған оқиғаның видеосы да шықты. Онда әуе кемесінің сол қанатының астында жарқылдар көрінеді.
Рощино әуежайы оқиға туралы ақпаратты растады.